«Балаусада» КІТАП КӨРМЕСІ ӨТТІ

0

Қордай аудандық орталық кітапхана жүйесіне қарасты балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың халық жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына орай «Балауса» сауықтыру демалыс лагерінде «Мұхтар Шаханов – ғасырдың, болашақтың ақыны» атты кітап көрмесі өтті. Мақсаты: қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосқан М.Шахановтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау және таныстыру. Кітапханашы демалушыларға ақынның өмірбаяны туралы айтып, қазақ өнеріне сіңірген еңбегі жайлы мағлұмат берді.

Онда кітапханашы Қырғызстанның халық ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, Түркия Республикасының халықаралық «Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін» сыйлығының лауреаты ,«Нобель» сыйлығының 100 жылдығына орай Тамбов қаласында өткен «Нобель» қоры, «Нобельдің Алтын медалімен» және 2022 жылғы 16 маусымда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ әдебиетінің дамуына қосқан зор үлесі үшін Мұхтар Шахановты «Отан» орденімен марапаттай отырып, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын бергені жайлы оқырмандарға айтып өтті. Сонымен қатар ұйымдастырылған кітап көрмесіне кітапханашы шолу жасады. Ал, балалар ақынның шығармашылығы туралы өз ойларымен бөлісіп, көрмені қызыға тамашалап, өздеріне үлкен рухани дүние ала білді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.