БАЛУАНДАР БОЗ КІЛЕМДЕ АЙҚАСТЫ

0

Әлжан ана ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінде қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Қордай аудандық іріктеу жарысы өтті. Ауданымыздың кіл мықтыларының басын қосқан турнирде балуан жігіттер өзара кім мықтыны анықтады.
Осыған дейін іріктеу жажарыстары Отар, Гвардейский, Кенен, Қызылсай, Сарыбұлақ, Бетқайнар, Жамбыл және Қордай ауылдарында өтіп, абсолюттік салмақ дәрежесіндегі мықтылар боз кілемнің шаңын шығарды.
Жарыстың ашылу салтанатында Қордай аудандық «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы М. Күзербаев, аудандық қазақ күресі федерациясының президенті Ж.Жолдасов, Қордай аудандық мәслихатының депутаты А.Омар, Қасық ауылдық округінің әкімі Қ.Исағұлова және М. Алтыбай бастаған спорт ардагерлері сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысы турнирдің нәтижесінде қордайлық балуан Саян Сейтбек жүлделі үшінші орынды ұтып алса, екінші орынға Гвардейский қалашығынан келген Диас Ғабдулла ие болды.
Ал бас жүлде мен «Қордай барысы» атағын тәжірибелі спортшы, сарыбұлақтық балуан Данил Фёдоров жеңіп алды. Сондай-ақ, жеңіске деген жігері үшін «Алғыс хатпен» Расул Ешмұханов марапатталды.
Жеңімпаздарға диплом, медаль, «AMANAT» партиясының бағалы сыйлықтары және қазақ күресі федерациясы тарапынан ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.