БАСПАНАЛЫ БОЛУ БАҚЫТЫ

0

Бірліктің береке, ынтымақ-ырыс екені анық. Соның бір айғағы аймағымызда қолға алынған «Асарлатын үй салу» жобасы. Ауданымызда табысты жүзеге асып жатқан қайырымды шара 25 қазан — Республика күні қарсаңында Ноғайбай ауылында орын алды.

Ауылдастар жиналып, аталмыш округте алғаш рет «Асар» әдісімен мұқтаж жанға көмекке келді.

Қайырлы іске ден қойған Ноғайбай ауылы тұрғындары бірлесіп, тамаша істі соңына жеткізген. Отбасына құтты болсын айтуға осы күні ауылдық округ әкімі Ерсерік Ешмұрат, аудандық мәслихат депутаты Дәурен Кенжебеков, ауыл үлкендері жиналды.

Салтанатты түрде жаңа қоныстың лентасы қиылып, әжелер шашу шашты.

«Округімізде елім деген азаматтардың қолдауымен асарлатып  көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз еттік. Ноғайбай ауылында алғаш рет «Асар» жобасы іске асуда, алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдемін. Барлық атсалысқан ауылдастарға алғыс білдіремін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай», — дейді Ноғайбай ауылдық округінің әкімі.

Жиналған қауым үй ішін аралап көріп, арнайы алып келген сыйлықтарын ұсынды.

Еске сала кетсек жыл басынан бері ауданда «Асарлатып үй салу» жобасы аясында кәсіпкерлердің демеушілігімен 14 отбасы баспаналы болса, жыл соңына дейін тағы 6 отбасыға үй беріледі деп жоспарлануда. Ендеше, қоныс тойлар әлі алда деген сөз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.