БЕЛДЕССЕҢ – БЕКЕМ БОЛ

0

Бетқайнар ауылындағы «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қарабаев Сайлау Нүсіпбекұлын еске алуға арналған Еркін күрестен Қордай ауданының ашық турнирі өтті. Бұл шара Сайлау Нүсіпбекұлын еске алып, спорттың маңыздылығын көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Турнирге спорт бөлімінің басшысы Ғалым Алимжанов, Сайлау Нүсіпбекұлының жұбайы, шәкірттері, КСРО-ның спорт шебері және аудандық мәслихат депутаты Мұхтар Далбаев, кәсіпкер Жұмабек Ещиганов, сондай-ақ, жас спортшылар қатысты. Шара барысында қатысушылар салауатты өмір салтын насихаттап, спорттың қоғамдағы орны туралы сөз қозғады.

Шараның ашылу салтанатында Ғалым Алимжанов сөз сөйлеп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына тоқталды. Ол жастарға дене шынықтыру мен спортты насихаттау арқылы үздік нәтижелерге жетуге болатынын айтты. Содан кейін, жарыстың демеушілері Мұхтар Оңланұлы мен Жұмабек Әшкенұлы да сөз алып, турнирдің ұйымдастырылуына ризашылықтарын білдірді. Олар спортшыларға сәттілік тіледі.

Келесі кезекте, ауданға қарасты бірқатар ауылдық округтен келген жас спортшылар боз кілем төрінде бақ сынасты. Жарыс барысында қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, көрермендерге қызықты жекпе-жек сыйлады. Спортшылар өздерінің дайындықтарын, техникалық шеберліктерін көрсетіп, жеңіске жету үшін барын салды.

Турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер демеушілердің ұсынған арнайы медальдары мен дипломдарымен марапатталды.

Сайлау Нүсіпбекұлының еңбегі мен жетістіктері жастарға үлгі болып қала беретіндігі сөзсіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.