Бір күн арнайы қызметте

0

Жамбыл облысы әкімдігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдауымен ҚР Жауынгерлік өнер ассоциациясы Жамбыл облысы бөлімі мен облыстық білім басқармалары ұйымдастыруымен «Бір күн арнайы қызметте» атты 11-ші сынып оқушы балалары арасындағы көпсайыстан облыстық чемпионаты өз жалауын көтерді.

Бір айға жуық облыс көлемі бойынша іріктеліп келген 150-ге жуық жасөрендер «Тараз Арена» спорт кешенінде өз-ара кім мықтыны анықтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ертең әскер қызметінде бір күндік кездесулерде болады. Киелі Тараз шахарында бастау алған спорттық-патриоттық бағыттағы ауқымды тың жобасын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов өз құттықтау сөзімен ресми түрде ашып берді.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев жас батырларға ақжол тілеп ақ батасын берсе, Жамбыл облысының жауынгерлік өнер ассоциациясының президенті Құрмет Нукенов болашақ сарбаздарға сәттілік тілеп, осы аталған спорттық-патриоттық жобасына тікелей қолдау көрсеткен Жамбыл облысының әкіміне ел атынан шынайы алғыс білдіреміз, – деді өз сөзінде.

Өр-рухты қарулы мықты білімді жан-жақты жалынды жастарымыз көп өссін, елімізде! Ел аман жұрт тыныш болсын. Қазақ елі жасасын бірлігі мен ынтымағы жарасқан!

Жамбыл облысы жауынгерлік өнер ассоциациясының баспасөз қызметі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.