БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА

0

— Қордай ауданында қаншама ұлт өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп, алаңсыз білім алып, еңбек етуде. Тек бір ғана ұлт өмір сүретін мемлекетті саусақпен санауға болады. Алайда бұл үрдіс дамып, гүлденуге ешбір қиындық туғызбауда. Осындай үрдісте Қазақстан көпке үлгі бола алады деп ойлаймын. Себебі тек біздің елде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» деген қоғамдық ұйым құрылған.
Ата заңымыз елімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің ар-ұждан бостандығы мен діни сенімдерін қорғауға кепілдік береді. Елбасымыздың ұстанған саясаты ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан достық пен бірліктің мызғымас, берік шаңырағын құрып берді. Қазіргі таңдағы Қазақстанның саясаты ұлтаралық, конфессияаралық, толеранттылық бейбітшілік пен келісімді орнатуға, қазіргі заманғы қазақстандық көпұлысты, көпмәдениетті қоғамдағы рухани адамгершлік құндылықтардың жаңаша жүйесін құруға бағытталған.
Осыған орай мен барша қазақстандықтарды ұлтқа бөлінбей, барлығымыз бір елдің игілігі үшін қызмет етуге шақырамын. Ынтымақтың арты – игі. Сондықтан да тұрақты дамып, білім алып, ұрпақ тәрбиелеуде ынтымағы жарасқан қоғамның маңызы зор.

Ә. Сейілханов

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.