Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев маңызды инвестициялық жобаларды іске асырудың бүкіл циклі бойынша «прокурорлық сүйемелдеуді» қамтамасыз етуді тапсырды.
Осыған орай, 24 шілде күні Қордай ауданының прокуратурасы маңызды инвестициялық жобалардың инвесторларымен кездесу өткізді. Аудан прокурорының м.а. Қ.Бекмұратовтың төрағалығымен өткен кездесуге «Monterra Qasaqstan» ЖШС, ««KORCEM» ЖШС және «Шоқпар-Гагаринское» ЖШС-гі өкілдері, аудан әкімінің орынбасары Ж.Бақаев, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы А.Алимхожаев қатысты.
Жиын барысында бизнес субъектілерінің мәселелерін шешу, әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында бірқатар мәселелер талқыланып, брошюра таратылды. Нәтижесінде кәсіпкерлер құқықтары бұзылған жағдайда аудан прокуратурасына жүгінуге ниет білдірді.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен кездесуден соң Қордай аудандық прокуратурасының прокурорлары Қарасу ауылдық округінде құрылысы жүріп жатқан «KORCEM» цемент өндіретін зауытына арнайы барды. Құны 50 млрд. теңгені құрайтын жобаның жылдық қуаттылығы 1,2 млн. тоннаны құрайды. Жоба іске қосылған соң 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Серіктестік өкілі негізінен жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылатынын жеткізді. Зауыттың цехтары 2024 жылдың аяғына қарай кезең-кезеңімен іске қосыла бастайды және 2025 жылы толық қуаттылығымен іске қосылады деп жоспарлануда. Аудандық прокуратура аталмыш бизнес субъектісінде қандай өзекті проблемалар барын сұрастырып, өз тараптарынан әрдайым қол ұшын созуға дайын екендіктерін жеткізді.