ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 45 КӨППӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

0

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Алтай Күздібаевпен кездесті.

Аймақ басшысы өңірде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Биыл кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Қуатты өңірлер — ел дамытуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде жалпы көлемі 13,2 миллиард теңгеге 3929 пәтерлік 74 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Жыл соңына дейін 2 564 пәтерлі (199,4 мың шаршы метр) 45 үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Облыс орталығында жеке инвестициялар есебінен 10-нан астам көппәтерлі үй салынуда.

7,7 миллиард теңгеге әлеуметтік осал санаттағы азаматтар мен көпбалалы отбасылар үшін 797 пәтер сатып алу жоспарлануда.

Ағымдағы жылы 10,3 миллиард теңгеге 77 инженерлік жобаны   жүзеге асуда, жеке тұрғын үй құрылысы үшін 869 жер учаскесін беру жоспарлануда.

— Жамбыл облысы – тұрғын үй құрылысын дамыту үшін болашағы зор өңір. Бұған дейін жеке тұрғын үй құрылысына көп көңіл бөлінсе, қазір жеке инвестициялар есебінен жобалар іске асуда, — деді Алтай Күздібаев.

Басқосуда тараптар үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру тетігін, мемлекеттік бағдарламалардың іске асу барысына қатысты мәселелерді талқылады.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.