«Борышкер-2022» акциясы жїргізілуде

0

Қордай ауданы аумағы бойынша 2022 жылдың тамыз айының 20-25 күндері аралығында «Борышкер-2020» акциясы жүргізілуде. Осы акция барысында Қордай АПБ-нің қызметкерлері аудандық жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлдарды өндіру мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда. Сол себептен, сіздерден салынған айыппұлды уақытысында 204106 есеп шотқа төлеулеріңізді сұранамыз. Әкімшілік айыппұлды төлегеннен кейін айыппұл төленген туралы түбіртекті Қордай ауылы, Төле би көшесі 61 мекенжайы бойынша орналасқан Қордай АПБ-нің әкімшілік полиция бөлімінің әкімшілік практика тобына алып келулеріңіз қажет.
Ш.ЕЩИГАНОВ,
Қордай АПБ-нің ӘПБ ӘТТ инспекторы,
полиция майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.