БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

0

29 қараша күні Қордай ауданы бойынша мансап орталығы тарапынан жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге жұмысқа мұқтаж азаматтар қатысты, оның ішінде: алимент бойынша үш айдан астам берешегі бар азаматтар, пробация қызметі есебінде тіркеуде тұрған азаматтар, жұмысқа жарамды мүгедектігі бар азаматтар және жас мамандар.

Жұмыс іздеушілерге аудан бойынша 57 мекемеден түскен 169 тұрақты жұмыс орны ұсынылды. Оның ішінде білім саласы бойынша 74, денсаулық сақтау саласы бойынша 15, экономика 3, заңгер 1 және әртүрлі жұмыстарға 76 бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкеге жұмыс беруші ретінде 2 мекеме қатысып, бос жұмыс орындарымен таныстырды. Нәтижесінде жәрмеңкеге қатысқан 30-дан астам азаматтың ішінен 7 азамат тұрақты жұмысқа жолданды және барлық жұмыссыз азаматтар бос жұмыс орындарымен танысты.

Сонымен қатар, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді. Оның ішінде, қысқа мерзімді кәсіптік оқудың, «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқудың, мемлекеттік қайтарымсыз грант берудің шарттары туралы және солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірген азаматтармен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.