АБСЕИТОВ АНУАР ЖАНСЕИТҰЛЫ

0

Қордай ауданы әкімінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 123ө-ж/қ өкімімен Абсеитов Ануар Жансеитұлы Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Абсеитов Ануар Жансеитұлы 1989 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.

Ұлты – қазақ.

Білімі – жоғары.

Абсеитов Ануар 2013 жылы Мұхамед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша, 2015 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2007 жылы Астана техникалық станциясында вагон тексерушісі болып бастаған.

2009-2013 жылдар аралығында 85395, 2035 әскери бөлімдерінде  келісім шарт негізінде әскери қызметші, 2015-2023 жылдар аралығында Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман, әкімнің орынбасары қызметтерін атқарған.

Үйленген, 2 бала тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.