БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ РЫНДАРЫ

0

24 қарашада Қордай ауданы әкімдігінің халықты
жұмыспен қамту орталығы тарапынан жұмыссыз
азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге жұмысқа мұқтаж азаматтар қатысты, оның ішінде: алимент бойынша үш айдан
астам берешегі бар азаматтар, пробация қызметі есебінде
тіркеуде тұрған азаматтар, жұмысқа жарамды мүгедектігі
бар азаматтар және жас мамандар.
Жұмыс іздеушілерге аудан бойынша 38 мекемеден түскен
105 тұрақты жұмыс орындары ұсынылды. Оның ішінде:
Білім саласы бойынша 39 бос жұмыс орны;
Денсаулық сақтау бойынша 10 бос жұмыс орны;
Әр түрлі жұмыстар 56 бос жұмыс орны.
Жәрмеңкеге жұмыс беруші ретінде 3 мекеме қатысып, бос
жұмыс орындарын ұсынды.
Нәтижесінде жәрмеңкеге қатысқан 50-ден астам азаматтың
ішінен 11 азамат тұрақты жұмысқа, 5 азамат жастар практикасына осы жылдың 1 желтоқсанынан жолданады және барлық
жұмыссыз азаматтар бос жұмыс орындарымен танысты.
Сонымен қатар, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті
дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау
шаралары түсіндірілді. Оның ішінде, қысқа мерзімді кәсіптік
оқудың, «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін
оқудың, мемлекеттік қайтарымсыз грант берудің шарттары туралы және солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірген
азаматтармен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.