Елімізде коронавирус инфекциясы таралуын бәсеңдетпей отыр. Республиканың көптеген ірі қалалары инфекцияның таралу қауіпі жоғары аймақтардың тізіміне енгені белгілі. Жамбыл облысы болса жұқпалы індеттің таралу қауіпі салыстырмалы түрде төмен саналғанымен босаңсып, санитарлық талаптарға селқос қарауға болмайды.
Осыған байланысты сәрсенбі күні аудандық мобильдік топ өкілдері түнгі рейдке шықты. Қордай ауылындағы бірнеше дәмхана, тамақтану, көңіл көтеру орындарын аралаған олар бірқатар тәртіп бұзушылықты анықтады. Мәселен, бірнеше кафеде санитарлық талаптар сақталмайтыны анықталды. Дәмхана қызметкерлерінен бөлек тұрғындар санитарлық талаптарға немқұрайлы қарап, елемей жүр. Моблильдік топ мүшелері елдегі эпидемиялогиялық жағдайды баяндап, облыстық бас санитариялық дәрігердің қаулысымен таныстырып, тәртіпке бағынуға шақырды. Ал, коммерциялық нысан иелеріне қатаң ескертулер айтылып, келесі кезекте айыппұлдар салынатыны жеткізілді.
МОБИЛЬДІ ТОП РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТТІ
Prev Post