Соңғы уақытта елімізде ұлттық спорт түрлеріне ерекше мән беріліп, оны әлемдік деңгейде таныту үшін қарқынды жұмыстар қолға алынып келеді. Осыған байланысты елімізде қазақ күресінің жанкүйерлері мен Қажымұқандай білекті палуан болуды армандайтын бүлдіршіндер қатары көбеюде.
8 қазан күні Сарыбұлақ ауылындағы спорттық сауықтыру кешенінде қазақ 8 қазан күні Сарыбұлақ ауылындағы спорттық сауықтыру кешенінде қазақ күресінен р«ЖАС БАРЫС» Республикалық турниріне Жамбыл облысының Қордай аудандық іріктеу кезеңі өтті. Аталмыш спорттық шараға 60 палуан қатысып, тартысқа толы өнер көрсетті.
Қазақ күресінен жалпы командалық есепте Сарыбұлақ ауылы 1-орын, Кенен ауылы 2-орын және Қордай ауылы 3-орынды иеленді. Осы күні боз кілемде өзгелерден оқ бойы озық шыққан сарыбұлақтық жас палуандарды ерекше атап өткен жөн. Олар – Береке Нұрмағанбет және Жансейіт Жанабаев есімді спортшылар. Береке 38 келі салмақ дәрежесінде, Жансейіт 42 келі салмақ дәрежесінде күресіп, екеуі де жүлделі 1-орынды иеленді.