2024 жылғы 1 ақпан – Дүниежүзілік сайлау күніне орай Қордай аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен дәстүрлі іс-шаралар өтті.
Аталған іс-шаралардың алғашқы легі Қордай аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Э.Күмекбайдың және Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Қарабаевтың қатысуымен 29 қаңтар күні өтіп, «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжі студенттеріне Дүниежүзілік сайлау күнінің шығу тарихы, бұл күнді өткізудің негізгі мақсаттары жайлы түсіндірілді.
30 қаңтар күні Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаевтың және Ауқатты ауылдың округінің әкімі А.Иенбергеннің қатысуымен Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің 10-11 сынып оқушыларымен елімізде енгізілген саяси реформалар туралы, оның ішінде сайлау жүйесіне енген өзгерістер мен жаңалықтар туралы да түсініктеме берілді.
Сондай-ақ, 2 ақпан күні Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаевтың, Ноғайбай ауылдық округінің әкімі Е.Ешмұраттың және Қордай аудандық мәслихатының депутаты Г.Тулакбаевтың қатысуымен Ноғайбай ауылшаруашылық колледжі студенттерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, 2005 жылғы 14-17 қыркүйекте Венгрияның Шиофок қаласында сайлау ұйымдарының Дүниежүзілік конференциясы «25 мемлекеттен тұратын Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығы» бастамасымен өткендігі және оның шешімімен ақпанның бірінші бейсенбісі «Дүниежүзілік сайлау күні» болып белгіленгендігі айтылды.
Дүниежүзілік сайлау күні, сайлау жүйесі қалай қалыптасты және Қазақстандағы сайлау жүйесі туралы қысқаша айтып өтті.
Дүниежүзілік сайлау күнін өткізудің негізгі мақсаты – жас сайлаушыларда демократиялық құндылықтарға бейімділікті қалыптастыру, сайлаушылардың қатысу белсенділігін арттыру болып табылады.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы