ДЕКЛАРАЦИЯ ТАПСЫРУ ОҢАЙ

0

Табыстар мен мүлік туралы декларацияны eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ұсынуға болады

 

Енді мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары декларацияны eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ұсына алады.

2021 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациядау кезең-кезеңімен өткізіледі. Осыған байланысты, бірінші болып мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары декларация тапсырды.    Декларацияда күнтізбелік жыл ішінде алынған кірістер, салық шегерімдері, мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығару, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банк шоттарындағы ақша, сондай-ақ ҚР-нан тыс жерлердегі мүлік туралы ақпарат көрсетілуі қажет.

Екінші кезеңде активтер мен міндеттемелер туралы «кіріс» декларациясын 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және квазимемлекеттік сектор субъектілері мен олардың жұбайлары табыс етеді.

«ҰАТ» АҚ командасы мен ҚР қаржы министрлігімен бірлесіп eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы электрондық өтініш беру үшін жаңа қызметті іске қосылды. Бұл өте ыңғайлы және қызметкерлердің уақытын үнемдейді, сонымен қатар онлайн форматта тапсыру мерзімі қағаз түріне қарағанда кешірек, бұл қазақстандықтарға декларацияны уақтылы тапсыруға көмектеседі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.