Денсаулық пен бірлік мерекесі

0

Жақында Сарыбұлақ ауылында аралас жекпе-жек (ММА) бойынша чемпионат өтті. Шараны жас спортшыларды біріктіретін «Қордай батыр» клубы ұйымдастырды. Бұл шара нағыз қайсар рух пен шынайы ерліктің аренасына айналды.

Чемпионатқа Қырғыз Республикасынан төрт команда, сондай-ақ Тараз, Құлан және Қордай өңірлерінен келген 150-ге жуық спортшы қатысты. Жекпе-жек – тартыс алаңы болғанымен, қатысушылар арасындағы достық пен бауырластық ерекше сезілді.

— «Ұрпағын спортқа баулыған — ұлттың қамын ойлаған», — деген нақыл осы додада айқын көрініс тапты. Бұл жарыста Қордай намысын қорғаған үш батыр ерекше көзге түсті: Хазиев Магомед, Оңғар Алихан, Төлеу Ералы — үшеуі де чемпион атанып, чемпиондық белдікке ие болды.

Ал ең үздік жекпе-жек үшін тағайындалған «Супер жекпе-жек» кубогы — Сүгірбай Иманалиге бұйырды. Оның шеберлігі мен төзімділігі — көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.

Бұл турнир – жай ғана жарыс емес, ол денсаулық пен бірлік мерекесі, ауыл өмірінің жарқын беті болды.

Ұймдастырушылар Сарыбұлақ ауылдық округі аппаратына, Сарыбұлақ ауылындағы спорт кешені әкімшілігі мен қолдау көркеткен ата-аналарға, әрине меценат Асқар Жұмабаевақа ерекше алғыстарын айтуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.