ДІНИ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ САНА

0

Қазіргі ақпараттық қоғамда діни мазмұндағы ақпараттардың рөлі айтарлықтай артты. Интернет пен әлеуметтік желілер арқылы таралатын діни контент адамдардың дүние-танымына, құндылықтарына және мінез-құлқына тікелей әсер етуде. Әсіресе жастар үшін бұл ақпараттардың ықпалы өте жоғары.

Сапалы әрі дұрыс ұсынылған діни ақпарат адамды ізгілікке, сабырлылыққа және адамгершілікке тәрбиелейді. Ол қоғамдағы моральдық нормалардың сақталуына, адамдар арасындағы өзара құрмет пен түсіністіктің нығаюына ықпал етеді. Осы тұрғыдан алғанда, дін – қоғамдық тұрақтылықтың маңызды тіректерінің бірі.

Алайда қазіргі ақпарат кеңістігінде жалған немесе бұрмаланған діни мәліметтер де кездеседі. Мұндай ақпараттар адамдар арасында қате түсінік қалыптастырып, кей жағдайда радикалды көзқарастардың пайда болуына себеп болуы мүмкін. Әсіресе діни сауаты жеткіліксіз жастар мұндай ықпалға тез беріледі.

Сондықтан ақпаратты дұрыс саралау, оның сенімді дереккөзден алынғанына көз жеткізу – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Қазақстанда осы бағытта діни сауаттылықты арттыру, ресми ақпарат көздерін дамыту және қоғамда тұрақтылықты сақтау шаралары жүзеге асырылуда.

Қорытындылай келе, діни ақпарат қоғамдық санаға үлкен әсер ететін маңызды құрал. Оны дұрыс қабылдау мен жауапкершілікпен тарату – әрбір азамат үшін маңызды міндет.

Малика ЭРИК, Айым ТОҚАЙ, Альбина НУРБОСЫНҚЫЗЫ, Мөлдір СӘРСЕН

Ғылыми жетекші: Нұрзат МҰҚАН, PhD., доцент м.а.

Leave A Reply

Your email address will not be published.