ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ – БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ТӨНГЕН ҚАУІП

0

Бүгінгі ХХІ ғасырдағы әлем халықта¬рының күн тәртібінде тұрған негізгі мәселесі «діни экстремизм және терроризм» болып отыр. Сондықтан да, діни экстремизм әлемдік проблема болғандықтан, онымен күресу үшін оны үнемі бақылау мен зерттеулерді қажет етеді.

Аталған мәселе біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Соңғы онжылдық ішінде діни ағымдар, олармен байланысы бар экстремистік құбылыстар туралы естиміз. Осы бағытта әр түрлі экстремистік және террористік ұйымдар пайда болып, жаһандық қауіпсіздік үшін үлкен қауіп төндіруде. Бұл мәселе бүкіл әлемге ортақ індет болғандықтан және ҚР ұлттық қауіпсіздігі мен ішкі саяси тұрақтылығы үшін күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналуда. Қазір біздің қоғамымызда діни экстремизм мәселесі өткір болып тұр. Экстремистік әрекеттер мен ұйымдар Қазақстанда пайда болып, өз істерін атқарумен көзге түсті. Осыған орай ҚР-ның 2005 жылғы 18 ақпанда «Экстремизмге қарсы іс- қимыл» туралы №31 Заңы қабылданды.

Кеңес одағы кезінде атеистік ұстаным болатын. Ол кездері қоғамда діни экстремистік әрекеттерге бой алдыртпады. Ал, қазіргі біздің зайырлы демократиялық елімізде дәстүрлі емес діндердің көбейіп кетуі және де экстремистік ағымдардың белең алуы мемлекттегі әр азаматты ойландырып жүрген мәселелердің бірі.

Жалпы діни экстремизм терминіне келер болсақ: діни экстремизм – діндегі шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерге берілгендік. Экстремизмнің зорлықпен, агрессиямен және шектен шыққан қаталдықпен сипатталатын белгілері көп. Экстремизмнің кең мағынасындағы ұғымы – мемлекеттік құрылысты күштеп өзгерту немесе билікті басып алу, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған діни мотивацияланған әрекет және осы мақсатта діни алауыздық пен өшпенділікті қоздыру.

Діни экстремизм мен терроризмнің әлеуметтік зияны мен қауіпін екіге бөліп қарастырсақ болады: қоғам мен мемлекетке аса ауыр психологиялық және материалдық шығын әкелуі, адам өмірін қиюы; азаматтық өшпенділікті немесе алауыздықты тұтатуы, мемлекеттің конституциялық құрылымын өзгертуді және оның аумақтық тұтастығын бұзылуды мақсат ететін бірқатар заңсыз қарулы құрылымдардың қызмет етуі.

Діни экстремизмнің қылмыстық көріністерінің салдары бірден байқалмауы да немесе ұзақ мерзімдік зардаптар әкелуі де мүмкін. Осыған орай, қоғамдағы бейбітшілікке сызат түсуі мүмкін. Халық тек үрей мен қорқыныш буында жүріп, бір-бірінен қорқу мен күдіктену орын алады. Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан, мұсылмандарға деген көзқарас өзгеріп, барлығы жауыз ретінде көрінеді. Бұл әрекеттің барлығына тек діни экстремистік топтардың әсері себеп болып отыр.  Мұндай тұрақтылығымызды жоғалтпауымыздың дұрыс жолы – діни  сауатты болу және интернет желісін пайдалануда абай болу.

Ш.Батырхан, Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Қордай ауданы бойынша арнайы бөлімі инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.