МЕН НЕГЕ ДІНТАНУ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАДЫМ?

0

Болашақ мамандықты таңдау көбінесе мектеп бітіруші түлектерге қойылатын талаптардың бірі болып табылады. Бірақ 17-18 жасар жасөспірімнің алдағы өмірге деген көзқарастары әртүрлі болуы мүмкін. Барлығымызда үрей сезімі басымдылық алады, әрбір адам белгісіздіктен қорқады және соның әсерінен барлығы таңдаған немесе жақындарының, туысқандарының мамандығын таңдайды.

Бірақ өз қалауын қорқыныш себебінен артқа шегереді. Өзімде де сонай қорқыныш болған, бірақ қазір барлығы жақсы. Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде «Дінтану» мамандығы бойынша грант иегерімін. Дінтану – республикамыздағы сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Ол қоршаған орта мәдениетімен, дүниетанымымен таныстыратын ғылымның бір саласы.Нақтылап айтатын болсам, бұл мамандықты бітірген студент мешітте имам болып, уағыз айтатын адам емес. Дінтану зайырлы мамандықтардың бірі, яғни экономист, заңгер, бухгалтер деген мамандықтардан асып түспесе, кем емес. Дінтану дегеніміз тек қана діндерді зерттеп қоймайтын сонымен қатар діннің жалпы тарихын, саясатын, философиясын, психологиясын, антропологиясын, мәдениетін және тағыда басқа қырларынан зерттейді. Бұл діни ілімдер тарихын және діни өмірдің институциялық формасын діни-мәдени мұра, діни өнер, діни жазба ескерткіштерін, діни білім және ғылыми зерттеу қызметі, дінге тән құқықты, діндер тарихының археологиялық ескерткіштерін, түрлі діни ілімдер мен діни ұйымдар арасындағы өзара қатынас тарихы мен қазіргі ахуалын зерттейді және адамның дінге қызығушылығын арттырып, діни сауатылығын көбейте түседі.

Малика ЭРИК, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Философия және Саясаттану факультеті Дінтану мамандығының 1 – курс студенті

Жетекші аға оқытушы Нұрзат МҰҚАН

Leave A Reply

Your email address will not be published.