Дияс Молжігітов Thailand Open турнирінде жеңімпаз атанды

0

Талантты жерлесіміз, қазақстандық жас боксшы Дияс Молжігітов 2025 жылдың мамыр айында Бангкок қаласында өткен Thailand Open халықаралық бокс турнирінде 80 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл жеңіс оның халықаралық аренада ойып орын алатын шеберге айналғанының жарқын дәлелі. Барлық қарсыластарын қоғадай жапырған ол финалда Қытай құрамасының атынан сынға түскен этникалық қазақ боксшы Тоқтарбек Таңатқанмен жұдырықтасып, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Айта кетер болсақ, Дияс Молжігітов бұған дейін 2024 жылдың желтоқсан айында Таиландтың Чиангмай қаласында өткен ASBC Elite Boxing Championships турнирінде 75 келі салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленген болатын. Сонымен қатар, ол 2024 жылдың мамыр айында Астанада өткен Азия чемпионатында 75 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған.

Дияс Молжігітов — Қордай ауданының тумасы, бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері. Ол бұған дейін де бірнеше халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсеткен,

Жас боксшының осы жеңісі — оның үздіксіз еңбегі мен табандылығының нәтижесі. Ол тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азияның бокс сүйер қауымының мақтанышына айналды.

Диясты кезекті жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.