Футбол – әлемдегі ең танымал спорт түрінің бірі. Осы бір сиқырлы ойынды серік еткен жандар туралы айтпақпыз бүгінгі мақаламызда. «Достар» клубы туралы қордайлықтар жақсы біледі. Басқалардан қатысушыларының жасымен ерекшеленетін команда көптеген айтулы додаларда топ жарып, чемпион атанып, әлі де өз жанкүйерлерін жетістіктерімен қуантуда.
Бұл команданың қалай пайда болғанын білу мақсатында біз «Достар» командасының ұйымдастырушысы әрі негізін қалаушысы, қазіргі таңда бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Ерсін Ақпаевпен кездестік. Команданың құрылу тарихын есіне түсірген Ерсін Владимирұлы достарының шақыруы бойынша футбол жарысына барған екен. Көрші Қырғызстан елінің астанасы Бішкек қаласының спорт сарайында өткен жарысқа аудандық кеден қызметінің командасы қатысқан. Турнир қатысушыларымен танысып, жақын араласып жүріп, қырық жастан асқан футболшылар арасында футболдан ашық Қырғызстан чемпионаты өтетіні туралы хабарландыру естіген.
Дәл осы күні ол спорт әлемінде танымал, ХХ ғасырдың үздік футболшысы, тамаша шабуылдаушы, ҚСРО спорт шебері, республикаға еңбегі сіңген жаттықтырушы, ҚР еңбегі сіңген дене шынықтыру және спорт қайраткері Юсуп Мұсаевпен танысады. «Даңқ» медалі мен FIFA президенті Йозеф Блаттердің құрмет грамотасымен марапатталған танымал спортшы өткен ғасырдың 60-жылдары «Алға» командасының құрамында ойнайтын. Допты айналдырып алып кетудің хас шеберінің финттары жанкүйерелерін тәнті етуші еді.
Юсуп Мұсаевпен танысқаннан кейін Қырғызстан чемпионатына қатысуға ниетті Ерсін Ақпаев футбол командасын құруға шешім қабылдайды. Қордайға келе салып, бұл іске кіріскен Е.Владимирұлы ауданды бұрын футбол ойнаған барлық адамдарды есіне түсіре бастайды. Ең алдымен айта кетер жәйт – ауданда «Кәсіпкер жаршысы» басылымының жүлделеріне шағын футболдан Қуат Иманалиевты «Достар» командасының ортақ құрушысы деуге толық негіз бар.
-Спорт жолын бастағанда Қ.Иманалиев бізбен жарыстарға тұрақты түрде баратын, алайда, өкінішке орай, қызметтік міндеттеріне байланысты бізбен сапарларға және жаттықтыруларға жиі бара алмай қалатын, дегенмен күні бүгінге дейін командаға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Осылайша, құрамында 15 адамы бар команда жиналды. Әрқайсысы белсенді өмір сүретін өз ісінің шебері. Сондай-ақ, ортақ досымыз Асқар Иткеев қолдау көрсетті. Жас кезінде ол футболды жақсы ойнайтын. «Қордай» логотипі бар бірыңғай форма алып берді. Барлығы содан басталды. Қырғызстан, Қазақстанның ардагерлер футбол қозғалысымен, «Қайрат» футбол клубымен, Қазақстанның үздік қақпашысы Құралбек Ордабаевпен, Жамбыл облыстық футбол әуесқойларының лигасы президенті Инаят Өксікбайұлы Қырықбаевпен және басқа федерациялармен қызметтестік қарым-қатынас орнаттық. Басында үлкен футбол, кейіннен шағын футбол ойнайтынбыз. Қырғыз елінің командасын бірнеше рет Қордайға шақырдық. Қазіргі таңда команданы басқаруды жолдасым, әріптесім Нұрдин Садықовқа тапсырдым. Өзінің негізгі қызметі бойынша жұмысының көптігіне қарамастан, ол ауданымыздың футбол саласының қарқынды дамуына бар күш-жігерін салуда. Өз күшімізбен орталық стадионның үлкен футбол алаңын дайындадық, — дейді Ерсін Владимирович.
Команда 18 жыл тарихында бірталай марапаттарға қол жеткізді. Сондай-ақ, ол халықаралық Ыстықкөл ойындарының чемпиондары атағына ие болып, жаңажылдық «Наристе» ойындарының бірнеше мәрте жүлдегерлері, чемпиондары атанып, жуырда 50+ ардагерлері арасында шағын футболдан өткен Қазақстан Республикасының Кубогын иеленді.
Футболшылар тұрақты түрде спортпен шұғылданып, аптасына екі рет шағын футболға арналған алаңшаларда ойнап тұрады. Қыс мезгілінде дене шынықтыру сауықтыру кешенде жаттығады. – Бастапқыда жаттығу үшін Ноғайбай ауылына баруға тура келетін, ал қазір ауданда аталмыш кешендер саны жетерлік. Бұл қуанышты жәйт. Кез-келген спорт түрімен айналысуға ыңғайлы жағдай жасалған, — дейді футболшы.
Спортшы балалар үлкендерге қарап бой түзейді дегенге сенімді. Сондықтан ерте жастан олардың бойына тек қана жақсы қасиеттерді, оның ішінде салауатты өмір салтына, спортқа сүйіспеншілікті сіңіру қажет деген ойда.
– Үлгі алатын адамның бар болғаны жақсы. «Достар» командамыздың базасында ісімізді жалғастыратын жас футбол командалары жинақталған. Жуырда жас футболшыларымыз ауылдық БЖСМ арасында футболдан чемпион атанды. Ауданда Мадраимов Рашид пен Атанов Сергей бұл спорттың дамуына өз үлестерін қосуда. Футболда, басқа командалық ойындардағыдай емес, команданың ауызбірлігі маңызды, дегенмен бір ғана ойыншы матчтың нәтижесін шеше алады. Футбол болжап білуге болмайтын ойын. Ауылда туып-өскен балалар арасынан талай әлем спортының жұлдыздары шыққаны баршаға белгілі. Бұл мысалдар басқаларға түрткі болады. Табысқа әр адам қол жеткізе алады, тек қана еңбектеніп, өз арманыңа адал болу керек. Спортпен шұғылданыңыздар, дендеріңіз сау болсын, — деп тілегін жеткізді Ерсін Ақпаев.
«ДОСТАР» КОМАНДАСЫ БАҒЫНДЫРҒАН БИІКТЕР
Prev Post