ДОСТЫҚ ПЕН ӨЗАРА СЫЙЛАСТЫҚ

0

1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай Қордай аудандық Мәдениет үйінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Мәдениет үйінің фойесінде этно-мәдени бірлестіктердің көрмелері қойылып, қонақтар ұлттық киімдермен, тұрмыстық бұйымдармен және сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен танысты. Әр этнос өз мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстырып, достық пен өзара сыйластықтың жарқын үлгісін көрсетті. Сонымен қатар, жергілікті шеберлер ұйымдастырған қол-өнер жәрмеңкесінде қолдан жасалған бұйымдар көпшілік назарына ұсынылып, ерекше қызығушылық тудырды.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары Бақыт Сахатов, Дамира Сүгірбай, аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов, облыстық мәслихат депутаты Айман Ашимова, аудандық ардагерлер ұйымы мен жастар қатысты.

Мерекелік кеш ауданның шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Әсем ән мен би, сахналық қойылымдар өңірдің көпұлтты мәдениетінің байлығын айшықтап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Шара барысында бірлік, татулық және өзара құрмет құндылықтары кеңінен насихатталып, Алғыс айту күнінің тағылымды мәні айқын көрініс тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.