Достықтың негізі бірлікте

0

Бейсенбі күні аудандық Мәдениет үйінде «Достық негізі бірлікте» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Келген қонақтарды ұлттық киім киген этномәдени орталықтардың өкілдері қарсы алды. «Шаңырақ» қазақ этномәдени орталығы, «Отечество» славян этномәдени орталығы, «Азери» әзірбайжан этномәдени орталығы, дүнген этномәдени орталығы, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы ұлттық киімдерін, тағамдары мен салт-дәстүрлерін ұсынды.
«Бүгінгі іс-шара халқымыздың бірлігін паш етіп, өзгелерге үлгі етуге бағытталған. Біздің тіліміз, түріміз, салт-дәстүріміз басқа болғанымен, бәріміз ортақ Отанымыздың патриоты болып табыламыз. Халқымыздың бірлігі – еліміздің өркендеуінің кепілі», — деді «Ахыска» түрік этномәдени орталығының басшысы К. Дургалова.
Көрермендер этномәдени орталық өкілдерінің мемлекеттік тілде дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады. Ұлттық билер мен жергілікті өнерпаздардың орындауындағы қазақстандық композиторлардың туындылары көрермен көңілінен шықты. Іс-шара Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқталды.
Серғазы МАНАСБАЕВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.