EGOV MOBILE PUSH ХАБАРЛАМАЛАР ЖІБЕРЕДІ

0

EGov mobile мобильді қосымшасы қазақстандықтарға әртүрлі өмірлік жағдайларға байланысты жеке push хабарламаларын жібереді. Жаңартулар қазақстандықтарға алдағы маңызды күндер туралы еске салуға мүмкіндік береді: зейнетке шығу, ЖОО-ға түсу және бітіру, баланы мектепке қабылдау, Е-лицензиялау порталының өтінімдерін мақұлдау және компания басшысының ауысуы туралы хабарламалар.

 

«Жіберілген push хабарландыруларын мобильді қолданбаның «Хабарландырулар» бөлімінде көруге болады. Мобильді қосымша орнатылмаған жағдайда порталдың жеке кабинетінде eGov.kz ұялы нөмір көрсетілген болса, пайдаланушыға қосымшаны жүктеуге сілтеме жасай отырып, 1414-тен жаңа хабарламаның келіп түскені туралы ақпараты бар SMS жіберіледі. Айта кетейік, бұл жаңартулар Мемлекет басшысының Invisible Government тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылды. Яғни, мемлекет қазақстандықтарға қажетті мемлекеттік қызметтерді ұсынады және оларды өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде сүйемелдейтін болады.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.