Мән-мағынасы ерекше, көктемнің бірінші күнімен келетін Алғыс айту мерекесі ауданымызда кең көлемде аталып өтуде. Соның бір көрінісі аудан әкімі Бегзат Болатбеков еңбегімен еленген, батырлығымен дараланып, қайырымдылығымен қаншама жанның алғысына бөленген, ел ішіне сый мен құрметке ие жандармен кездесу өткізді.
-Баршаңызды бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Адамзат атаулыға жасаған жақсылығы үшін алғыс алып, көрсетілген көмек пен демеу үшін ризашылық білдіретін күні сіздермен қауышқаныма қуаныштымын. Біз осындай мерекеде ел арасында жүрген бүгінгі күннің батырларына алғыс айтып, олардың еңбегін басқаларға үлгі ету мақсатында осы кездесуді ұйымдастырып отырмыз. Әрқайсыларыңыз ел ішінде өз еңбектеріңізбен ерекшеленіп, біріңіз ауданның қоғамдық өмірінде белсенділік танытып, екіншіңіз қиын жағдай кезінде қол ұшын созсаңыз, үшіншіңіз қайырымдылық шараларда жомарттық жасап, халықтың алғысын алып отырсыздар. Жаңа Қазақстанды құру және ауданымызды дамыту жолында атқарып жатқан тынымсыз еңбектеріңіз, күш-қайраттарыңыз, әр іске деген жауапкершіліктеріңіз үшін Сіздерге өз алғысымды білдіремін!, — деген Бегзат Сейсенқұлұлы қабылдауға келген әр азаматқа рахметін айтып, құттықтау хаты мен сыйлығын ұсынды.
Қабылдауға келген жандар туралы айтар болсақ, қарасайлық Жалғашбек Сұлтанғазиев жылқы малын көбейтіп, бие байлап, бал қымызымен аты шыққан азамат. Ауылдың қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген жан. Ал, Сарыбұлақтан келген Бегзат Тұтқабаев аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуде белсенділік танытып жүр екен. Кенендік Қайраткүл Үкібасованың сол ауыл тұрғындарының нағыз ақ халатты денсаулық қорғаны деп атауға болады. Ұзақ жылдар ауылдық амбулаторияда еңбек етіп келе жатқан ол пандемия кезінде Отар постында кезекшілікке шығып, амбулатория фильтрінде жұмыс жасап, өз мамандығына адалдығы, адам денсаулығының жанашыры екенін дәлелдей білген дәрігер.
Кездесуге Ноғайбай ауылынан Талғат Нүсіпов те шақырылыпты. Қаарпайым жүргізуші болып жұмыс істейтін ол жақында 12 метрлік құдыққа құлап келкен баланы аман алып қалған азамат. Үлкен Сұлутөрден келген Анатолий Пасечников те сондай батырлардың бірі. Былтыр ауылда болған су тасқыны кезінде ауыл тұрғынын екі немересімен құтқарып қалған батыл адам.
Аудан әкімімен кездесуге Әлжан ана ауылынан кәсіпкер, білім саласының ардагері, «Айсана» бала бақшасын, «Болашақ» жекеменшік мектебін ашқан, жерлестеріне қайырымдылық көмек көрсеуден шаршамайтын Клара Рахметова, Масашыдан қайырмдылық көмек көрсетуді басты міндет деп санайтын, ауыл жастарының ұйытқысы болып жүрген Исмар Фунчи да шақырылыпты. Сондай-ақ, жақында Түркияда болған табиғи апат кезінде ауданда қайырымдылық көмек жұмыстарын ұйымдастыруда аса белсенділік танытқан Бахадир Мұратов та болды. Бірнеше жыл ішінде ауданда 12 отбасының баспаналы болуына үлкен көмегін тигізіп жүрген Бақыт Асубаев, «У Любани» сұлулық салонының шаштаразы, зейнеткерлер мен мүгедектерге тегін қызмет көрсетіп жүрген, «Азери» әзірбайжан ЭМБ-не тегін ұлттық киім тігіп беріп, қайырымды істің қасында жүретін Наргиля Мамедова да шақырылған.
Осындай ерекше жандармен жиын барысында сырлы сұхбат жүргізіліп, қонақтар өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, аудан басшылыған өз алғыстарын айтты.
ЕЛ АЗАМАТТАРЫ ЕЛЕНГЕН КҮН
Prev Post
Next Post