«МЫҢ АЛҒЫС ЕЛІМЕ»

0

Алғыс айту күні бүгінде еліміздің тұтастығын құрайтын әрбір этностың мәдениеті мен рухани құндылықтарын көрсетеді. Осыған орай ауданымызда концерттер, көрмелер мен этномәдени шығармашылық жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Соның ішіндегі ең елеулісі аудандық Мәдениет үйінде өтті.

Мәдениет ошағының фойесінде этномәдени орталықтар көрмесін жайып, шығармашылық ұжымдар әннен шашу шашып, келген қонақтарды тамаша көңіл-күйге бөледі. Көрмені аудан әкімі Бегзат Болатбеков аралап көріп, бұл шаралар ұлттар достығының, бейбітшілік пен келісімнің келісті көрінісі екенін айтып, ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді. Осыдан кейін үлкен залда «Мың алғыс еліме» атты концерттік бағдарлама басталды. Аудан өнерпаздарының сахналандырылған қойылымымен шымылдығы ашылған мерекелік шара одан әрі әсерлі ән мен күмбірлеген күйге, мың бұралған биге толы болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.