Ел игілігіне арналған жоба

0

Облыс әкімінің бастамасымен «Асарлатып үй салу» жобасы өңірдеқызуқолға алынып, көптеген көмекке мұқтаж отбасыларғақуаныш сыйлап келеді.

Аталмыш жауапты істен Қордай ауданының жомарт жүректі азаматтары да қалысқалмақ емес. Биылдыңөзінде аудан бойынша 15 көмекке зәру отбасына жыл соңына дейін баспана кілтін табыстау жоспарланған. Аудан әкімдігінің сәулет, қалақұрылысы жәнеқұрылыс бөлімінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері Қордай, Жамбыл, Сарыбұлақ және Отар ауылдық округтерінен «Асар» жобасы аясында бес үйқолданысқа берілген. Ал бірқатар ауылдарда мұқтаж жандарға арналғанүйлердіңқұрылысы жүруде.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, қолда барымен бөлісіп, бір-біріне сүйеу бола білетін қайырымды жандардың саны ауданымызда жыл санап артуда. Бұл ауызбіршілігіміз бен ынтымағымыздың айғағы екені хақ. Өйткені, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жобаның мақсаты тек мұқтаж азаматтарға баспана салып беру аған емес, өзара бірлігіміз бен қамқорлығымызды арттыруға негізделген. Алдағы уақытта игілікті іске ұйытқы болар азаматтардың арқасындаәлі талай шаңырақ шаттыққабөленетіні сөзсіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.