ЕЛ СҰРАУЫ ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

0

Өткен бейсенбіде «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Рүстем Дәулет аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады. Партия аудандық филиалының мәжіліс залында өткен қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мырзағали Күзербаев және бірқатар бөлім басшылары қатысты.

Бұл күнгі қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындар «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасымен кездесіп, өздерін толғандырған сауалдарын жолдады. Мәселен, Отар ауылының тұрғыны Ляззат Сулейманова жұмысқа жарамсыздығына байланысты мүгедектігін 3-ші топтан 2-ші топқа ауыстыруға жәрдемдесу және баспана мәселесін шешіп беруге қолғабыс етуін сұрады. Қабылдауға келген тұрғынның сұрағын мұқият тыңдаған Рүстем Рысбайұлы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Зәуреш Қадырбековаға аталмыш мәселені оңтайлы шешу жолдарын қарастыруды тапсырып, қалалық емханаға қаралуы үшін демеушілік көмек көрсетілетіні белгілі болды. Сондай-ақ, оның мәселесі бойынша арнайы топ құрылып, отбасылық жағдайын зерделеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті көмек көрсетілетін болды. Осыдан кейін қабылдауға жазылған Бақытжан Бекбатыров Қаракемер ауылындағы бір көшенің атын ауыстыруға байланысты сұрағын қойды. Ол бойынша Рүстем Рысбайұлы үстіміздегі жылы елімізде Халық санағының өтуіне байланысты өңірдегі әкімшілік-аумақтық бірліктер, елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктеріне, көшелерге атау беру, оларды қайта атау жұмыстарының уақытша тоқтатылғанын алға тартып, тұрғынның сұрағына заң аясында жауап берді.

 

Мадияр ҚАРАБАЕВ

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.