Елімізде өткен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиада жас дарындардың білім деңгейін тағы бір мәрте айқындады.

0

Елімізде өткен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиада жас дарындардың білім деңгейін тағы бір мәрте айқындады. Бірнеше өңірді қамтыған беделді додада Жамбыл облысынан барған 29 оқушының басым бөлігі жоғары нәтиже көрсетіп, 18-і жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Атап айтқанда, қатысушылардың жетеуі қарсыластарынан оза шауып, бірінші орынға табан тіреді. Төртеуі екінші орынды иеленсе, жеті оқушы үшінші орыннан көрінді. Бұдан бөлек, үш білімпаз ерекше дайындық деңгейімен танылып, арнайы марапатқа лайық деп танылды. Жалпы нәтиже командалық есепте көш бастауға мүмкіндік беріп, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша бірінші орынға шығуға жол ашты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.