Шу ауданында тұрғын үй құрылысы мен инженерлік инфрақұрылым қарқынды дамуда
Шу ауданында тұрғын үй құрылысы мен инженерлік инфрақұрылым қарқынды дамуда
Жамбыл облысында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету және инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл ретте Шу ауданында тұрғын үй құрылысының қарқыны артып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды жобалар кезең-кезеңімен іске асырылып келеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Мемлекет тарапынан тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерін дайындау, инженерлік-коммуникациялық желілер тарту және әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Шу қаласы мен ауылдық елді мекендерде жаңа тұрғын алқаптары қалыптасып, олардың инженерлік инфрақұрылымы кезең-кезеңімен дамытылуда. Атап айтқанда, ауыз су, электр энергиясы, табиғи газ және жол желілерімен қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда.