Ер есімі – ел есінде

0

2012 жылдың 25 желтоқсан күні мемлекетімізде қаралы күн жарияланған еді. Шымкент қаласы маңында ұшақ апатынан 27 әскери қызметші қаза тапқан болатын. Қыстың осынау бір қытымыр күнінде болған бұл қайғылы жағдай тәуелсіз ел тарихында болған ең ауыр оқиға саналды.

Осы себепке байланысты ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының ұйымдастыруымен, шекаралық басқармалар арасында қоян-қолтық ұрыстан турнир өткізілді. Турнирге облыстың түкпір-түкпірінен шекаралық басқармалардың үздік спортшылары қатысты. Қатысушылар өздерінің жоғары шеберлігін, жігері мен батылдығын көрсетіп, жарыс әртүрлі салмақ дәрежелерінде өтті. «Осыдан 12 жыл бұрын ел астанасынан Шымкент қаласына бет алған ҚР ҰҚК Шекара қызметінің АН-72 әскери ұшағы апатқа  ұшырап, 27 әріптесіміз қаза тапты. Марқұм болған  әріптестерімізді еске алып, ауқымды турнир ұйымдастырылуда. Мұндай турнирлер қызметкерлердің физикалық шеберлігін шыңдап қана қоймай, батыл әрі мықты болуға баулиды. Бұл, дені сау ұлт қалыптастыруда және қызметкерлер арасында спортты насихаттауда маңызды қадам. Спорт адамдарды ұйымшылдыққа ұйыстырып, тәртіпке үйретеді. Тәртіп – табысты қызмет пен берекелі өмірдің кепілі»,- деді Қордай шекара басқармасының бастығы подполковник Данияр Көкбаев. Жарыс соңында жеңімпаздары мен жүлдегерлері құрмет грамоталарымен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.