ЕСЕП БЕРІЛІП, БІРҚАТАР ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

0

26 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Оған аудан әкімі
Бегзат Болатбеков қатысып, жиынға «AMANAT» партиясынан депутат, Қордай аудандық мәслихатының хатшысы Нұрдин Садықов төрағалық етті. Сессияға сонымен бірге аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, бірқатар аудан әкімдігінің бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудандық қоғамдық кеңесінің төрайымы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қатысты.

Сессия барысында аудандық мәслихат хатшысы Н.Садықов мәслихаттың 2022 жылы атқарған жұмысы жөнінде есеп берді.
Содан кейін аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы С.Абдужалиева 2023-2025 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы баяндама жасады. Депутаттар өз ұсыныстарын енгізіп, оларды тұрғындар үшін өзекті мәселелерді шешу үшін бюджетке енгізу қажеттілігін алға тартты. Депутаттар аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының есебін, мәслихаттың 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын, бірқатар аудандық ведомствоаралық комиссия құрамдарын бекітті.
Қаралған сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.