ТЖ ЕСКЕРТЕДІ

0

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін үнемі абай болыңыз және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.

ҚР ТЖМ халыққа жазатайым оқиғалар әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жоюды ұсынады.
Пештердегі жарықтарды жою, мұржаларды 3 айда кемінде 1 рет тазалау, аязда пештерді қатты қыздырмау, от жағу үшін ұзындығы от жағу өлшемінен аспайтын отынды пайдалану кажет. Бұдан бөлек, тұман, көктайғақ, бұрқасын секілді табиғи қолайсыздықтар орын алған жағдайда да сақтық шараларын сақтау маңызды.
Облыс тұрғындары ауа райында өзгерістер болған жағдайда СMС-хабарламалар қабылдайды, өкінішке орай, көпшілігіміз оны елемейміз. Сіз мұны істемеуіңіз керек, өйткені бұл хабарламалар жолға шыққанда немесе қала сыртындағы демалыста дұрыс әрекетті таңдауға көмектеседі. Жылдың және тәуліктің кез келген уақытында, кез келген жағдайда мұқият және сақ болыңыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз. Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөмірі бойынша хабарлау қажет екендігін ескертеміз.

Қордай аудандық ТЖ бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.