28 қараша күні Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының №3 және №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қордай аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды дайындау мен өткізу жөнінде кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырысқа тиісті ауылдық округ әкімдері, мекеме және ұйымдардың басшылары шақырылған.
Отырыста 2024 жылғы 8 желтоқсанға шығып қалған депутаттардың орнына №3 және №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қордай аудандық мәслихатының сайлауға дайындық барысы туралы және сайлау күні құзырлы органдардың жұмысы туралы мәселелер қаралды. Күн тәртібіне енгізілген сұрақтар бойынша есептер мен ұсыныстар тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, талқылағаннан кейін тиісті органдардың басшыларына тапсырмалар мен ұсыныстар берілді. Олардың ішінде: Сайлау бюллетендерін сақтау және дауыс беруге арналған үй-жайларда тәртіпті қамтамасыз ету, сайлау учаскелерінде телефон және интернет жүйесінің, электр қуатының, газ желісін үздіксіз қамтамасыз ету, сайлау учаскелері орналасқан мектеп ғимараттарында қалыпты температураның сақталуын қамтамасыз ету, CALL-орталығының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастыру және мүгедектігі бар тұлғалармен жеке жұмыс жүргізу.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы