1 наурыз — Алғыс айту күніне орай Қарасу, Ауқатты, Сортөбе, Масаншы, Қаракемер, Қарасай ауылдық округтерінде этносаралық келісімді нығайтуға арналған «Этносаралық келісім – ел тұрақтылығының кепілі» атты кешенді шаралар бастау алған-ды.
10 күнге жалғасатын кешенді шаралар аясында аудандағы этносаралық келісімді нығайтуға зор үлестерін қосып жүрген этномәдени бірлестіктер өкілдері өз өнерлерін көрсетіп, ұлттар арасындағы достықтың маңыздылығын өскелең ұрпаққа насихаттауда.
Мәселен, сейсенбі күні «Қордай аудандық ұлттық мәдени орталықтар бірлестігі» заңды тұлғалар бірлестігінің, «Отечество» славян этномәдени бірлестігінің «Вынхуа» Жамбыл облысы дүнген этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің, «Әзери» әзірбайжандар этномәдении бірлестігінің мүшелері ауыл тұрғындарына ұлттық өнерлерін көрсетіп, береке мен татулықтың үлгісін көрсетті.
Этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шаралар 21 ақпан күні Сортөбе ауылдық округінде жалғасын тапты. Сортөбе ауылының Мәдениет үйінде «Татулық — достық кепілі» атты аудандық музейдің көшпелі көрмесі ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары мен қонақтарының назарына аудандық музей және Отар, Масанчи ауылдық тарихи-өлкетану үйірмелерінің жәдігерлері ұсынылды. Құнды жәдігерлердің қатарында қазақтың ұлттық киімдері, бесік, домбыра, қоржын, күбі, келі-келсап, торсық, самаурын, мойынағаш, майшамдар, көптеген ыдыс-аяқ түрлері, ат әбзелдері, Масанчи ауылдық тарихи-өлкетану үйірмесінен дүнген халқының ұлттық жәдігерлері болды. Бұдан кейін аталмыш көрме Бұлар батыр ауылындағы №19 Бұлар батыр атындағы орта мектебінде және Ауқатты ауылының мәдениет үйінде жалғасты.