ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНЕ 14 ЖАҢА АВТОБУС БЕРІЛДІ

0

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі бірқатар білім ошақтарына 14 жаңа автобустың кілтін табыс етті. Олар Тараз қаласы мен Жамбыл, Меркі, Шу, Жуалы, Қордай, Т.Рысқұлов аудандарындағы мектептерге берілді.

Жалпы, су жаңа автобустар заманауи талаптарға сай. Атап айтқанда, қауіпсіздік белдіктерімен, рюкзактарға арналған сөрелермен және есік ашылған сәтте қозғалысты бұғаттау механизмімен жабдықталған.

Сондай-ақ, барлық автобустар ерекше балалардың кіріп-шығуына арналған пандус қондырғыларымен қамтылған.

Төрт автобус 22 орынға, 10 автобус 38 оқушыға арналған. Балалар тасымалына арналған қоғамдық көліктермен оқушылар аудандық және облыстық деңгейдегі түрлі жарыстарға да қатынайтын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.