Футболдың болашақ жұлдыздары

0

Ауданымызда жасөспірімдер арасында тұңғыш рет Қордай ауданының чемпионаты басталды. Бұл чемпионаттың ерекшелігі – ойындар командалардың өз алаңында және сырт алаңда да өтеді. Жалпы чемпионатқа алты команда қатысуда, олар екі жас санаттары бойынша сынға түсуде – 2013 жылы туғандар және 2014-2015 жылғы балақайлар.

Спорттық жарысқа Қордай, Ауқатты, №18 БЖСМ, Гвардейск, Қаракемер және Кенен ауылы
командалары қатысады. Бірінші тур Ауқаттыда, екінші тур Отарда, үшінші тур Қаракемерде, төртінші кезең Кененде және бесінші кезең Қордайда өтеді деп жоспарлануда. Жарыс ұйымдастырушылары шараны ойдағыдай өткізуге барынша тырысыпты. Балақайлар ойын алаңына кәдімгі кәсіби деңгейдегі футбол клубтары секілді шығады, экипировка, жанкүйерлер – барлығы жоғары деңгейде.

Күні кеше Қаракемерде өткен ойындардың қорытындысы бойынша турнирлік кестені назарларыңызға ұсынсақ:

2013 жылы туғандардың лигасы:
1. Қаракемер
2. Қордай
3. Кенен
4. №18 БЖСМ
5. Ауқатты
6. Гвардейск

Үздік бомбардирлер: Байти Мадияр (Қаракемер) – 11 гол, Атабек Ансар (Кенен) – 9 гол және Ердос Амир (Қордай) – 7 гол.

2014-2015 жылғылар лигасы:
1. Қордай
2. Ауқатты
3. №18 БЖСМ
4. Гвардейск
5. Қаракемер
6. Кенен

Бұл лигадағы сұрмергендер: Сағатбек Амирхан (№18 БЖСМ) – 10 гол, Есенгелді Бексұлтан (Кенен) – 7 гол және Малик Алинұр (Қордай) – 6 гол.

Чемпионат демеушілері «Техноград» дүкені және СДДиА стоматологиялық клиникасы екенін атап өту керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.