Гвардейск гарнизонында әскери қызметшілердің жеке автокөліктері тексерілді.
Гарнизон бастығы полковник Талғат Оразәлиевтің басшылығымен әскери бөлімдерде әскери қызметшілердің жеке автокөлік жағдайлары тексерілді. Шара жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Оған әскери автокөлік полициясы бөлімшесінің өкілдері қатысты.
– Жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын алу шаралары жоспарға сәйкес тиісті деңгейде жүргізілуде. Сондай-ақ түсіндіру жұмыстары мен нұсқаулар жүргізіліп отырады. Ең бастысы әр әскери қызметші өзінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тиіс, – деді гарнизон бастығының материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары полковник Есет Төлеушов
Тексеріс барысында автокөліктердің техникалық жағдайлары, талапқа сай тиісті құралдары мен жеке автокөлік иелерінің құжаттары тексерілді. Сонымен қатар жеке автокөлік иелеріне жол жүру ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша талаптар қойылып, оларға нұсқаулар жүргізілді.
Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі