АО «QazaqGaz Aimaq» Жамбыл өндірістік филиалының мәліметіне сәйкес, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның «Алматы» магистральдық газ құбырлары басқармасы күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Осыған байланысты «Қордай» автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГРС) уақытша тоқтатылып, жөндеу жұмыстары кезеңінде табиғи газ беру толық өшіріледі.
Газ беру тоқтатылатын мерзім:
2026 жылғы 6 тамыз сағат 09:00-ден
2026 жылғы 9 тамыз сағат 18:00-ге дейін.
Газбен қамтамасыз ету уақытша тоқтатылатын елді мекендер:
Қордай, Қарасу, Өтеген, Қызылсай, Керу, Күнбатыс-1, Күнбатыс-2, Масаншы, Сортөбе, Бұлар батыр, Қаракемер, Ауқатты, Қарасай батыр, Еңбек, Әлжан ана, Степное, Қалғұты, Жамбыл, Арал, Жаңатұрмыс, Бетқайнар, Беріктас, Қақпатас, Сарыбұлақ, Қайнар, Ноғайбай, Шарбақты және Сарыбастау ауылдары.
Тұрғындардан көрсетілген мерзімде газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтауды және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Жоспарлы жұмыстар аяқталғаннан кейін табиғи газ беру кезең-кезеңімен қайта қалпына келтіріледі.
