ГАЗДАН УЛАНУ ҚАУІПІ

0

Құрметті Қордай ауданының қонақтары мен тұрғындары!
Жылыту маусымына байланысты біздің нұсқамамызды ескерулеріңізді сұраймыз.
Бірінші кезекте, пеш жағарда қарапайым техникалық қауіпсіздік ережелерін ұстау, жабық жерлерде автокөлікті істеп тұрған қозғалтқышпен ұстамау, газ плитасымен қондырылған ас бөлмені жиі ауасын тазарту. Бірақ сонда да қалай үйде және гаражда ауаның жағдайын тұрақты бақылауда ұстауға болады деген сұрақ туындайды.
Үйлерде пештерді тексеру және жөндеуді жылу беру мерзіміне дейін өткізу;
Шатырдың астындағы барлық түтін өтетін арналардағы дуалдарды және үйдің мұржасын әктеп шығу қажет;
Жылу беру мерзімінің басында, және де 3 айда 1 рет барлық жылу мезгілінде пештерді және мұржаларды күйеден тазалау қажет;
Ауа тазартқыш және газ арналарын мұржа қылып қолдануға болмайды;
Автокөлікті жөндегенде және гаражда жұмыс істегенде есікті ашық қалдыру қажет;
Автокөліктің қозғалтқышын уақыт сайын өшіріп тұру қажет;
Бөлмені ауамен тазарту, таза ауаға жие шығу, қозғалтқышы істеп тұрған автокөлікте ұйықтамау қажет.
Осы ережелерді орындай отырып, біз өзімізге және өз жақындарымызға апат болдырмауын, тұрмыстық өрттердің алдын алуды, әсіресе жеке тұрғын секторларда болдырмауына үміттенеміз.

М.ЖӘНЕЛІ, Қордай аудандық ТЖ бөлімінің бас маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.