Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының құрамдарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабына (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) сәйкес Жамбыл облысының Қордай аудандық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хабарлайды:
Қордай ауданының жаңадан құрылған учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы
№ р/б | Сайлау учаскесінің номері | Сайлау комиссиясының орналасқан жері | Учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің саны | |
1 | 248 | Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы, Қазақстан көшесі 69 А, «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Мәдениет үйі Бетқайнар ауылдық Мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты. | 7 | |
2 | 258 | Қордай ауданы, Масаншы ауылы, Мәңгілік ел көшесі 21, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Қордай ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. | 7 | |
3 | 264 | Қордай ауданы, Отар ауылы, Бейсехан Атамқұлов көшесі 7 Б, «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты Отар ауылдық Мәдениет үйі. | 7 | |
4 | 511 | Қордай ауданы, Қарасу ауылы, Нұрлы жол көшесі 203 А «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты Қарасу ауылдық Мәдениет үйі. | 7 | |
5 | 512 | Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі 78, «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжі мекемесінің ғимараты. | 7 | |
6 | 513 | Қордай ауданы, Қордай ауылы, Ольга Волкова көшесі 1, «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің №15 балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. | 7 | |
Барлығы | 42 |
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясына бір кандидатураны ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылдың 12 қазанынан бастап 2023 жылдың 26 қазанына дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) сайлау комиссиясының құрамына белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз түрінде кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімі, жоғарғы тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгені туралы құжат көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы тиісті мәслихатқа жіберілген белгіленген нысандағы өтініш.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-korday?lang=kk) орналастырылған.
Сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз түрінде ұсынылған барлық құжаттарда қол қойылып, мөрмен куәландырылып, орындау күні, тегі, инициалдары және оның телефон нөмірі көрсетілуімен орындаушы туралы белгі қамтылуы керек.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылдың 12 қазанынан бастап 2023 жылдың 26 қазанына дейін дүйсенбі – жұма күндері сағат 09:00-ден сағат 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден сағат 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қордай аудандық мәслихаты:
Қордай аудандық мәслихат төрағасы: Садыков Нурдин Есенгельдиевич.
Мәслихаттың орналасқан жері: Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106.
Жауапты тұлға – Бекбатыров Ақжол Бақытжанұлы, каб. № 11, қалааралық телефонкоды (872636), қызметтік телефон нөмірі 21059, ұялы телефон 87006815108, факс нөмірі 21059, электрондық мекенжай: korday_maslihat@mail.ru.
Қордай аудандық мәслихаты