2026-2027 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ АҢШЫЛЫҚ МАУСЫМЫ ТУРАЛЫ

0

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министірінің міндетін атқарушысының 2026 жылғы 26 тамыздағы № 43-ө бұйрығы назарға алынып, Аң аулау қағидаларында белгіленген мерзімдерге сәйкес, 2026 жылғы 5 қыркүйектен бастап, 2027 жылдың 20-сыншы ақпанға дейін Жамбыл облысы аумағындағы бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда аңшылық маусымының ашылуына байланысты облыс аумағында аңшылық алқаптарының резервтік қорында және бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптарда аңшылық жасауға рұқсат берілмейтінін хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасына сәйкес аң ату ережелермен талаптарын қатаң сақталуын сұраймыз.

Ж.Амангелді,

«Қарақоңыз» ҚММ аңшылық

танушы

Leave A Reply

Your email address will not be published.