ХАБАРЛАМА

0

2025 ЖЫЛҒА ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУ ТУРАЛЫ

Еңбек заңнамасына сәйкес, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау, оның ішінде уақытылы және лайықты еңбекақы төлеу негізгі міндеттердің бірі болып табылады. «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мыңнан 85 мың теңгеге көтерілген болатын.

Жыл басынан аудан көлемінде 605 кәсіпорын бойынша 4733 жұмысшының жалақылары орта есеппен 23% ұлғайды. Алайда, бұл әлі жеткіліксіз. Жыл сайынғы инфляцияның өсуіне сәйкес, жұмысшыларды қолдау қажет.

Осыған орай, барлық ауылдық округ әкімдерінен 2025 жылға жұмысшылардың жалақысын көтеру туралы аудандағы жұмыс берушілер арасында түсіндірме жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізуін, ал мекеме, кәсіпорын басшыларын төменгі жалақы алып жүрген жұмысшылардың жалақысын көтеруге атсалысуын сұраймыз. Азаматтардың табысы өскен сайын ел тұрғындарының әл-ауқаты да арта түседі.

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!!!                                              

Сіздің мекеме бойынша жұмысшылардың орташа жалақысы көтерілген жағдайда, ақпаратты Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Қордай ауылы, Төле би көшесі,49, 8 (72636) 2-10-16, E-mail: utzsnkorday@mail.ru) ұсынуларыңызды сұраймыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.