ХАБАРЛАНДЫРУ

0

ЖОЛАУШЫЛАР ЖӘНЕ БАГАЖДЫ АВТОМОБИЛЬМЕН АУДАНІШІЛІК ТҰРАҚТЫ ТАСЫМАЛДАУ МАРШРУТТАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚҰҚЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

1. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2023 жылғы 26 мамыр, жергілікті сағат 16.00-де, Қордай ауылы, Жібек Жолы көшесі, №242 үй мекенжайы бойынша жолаушылар және багажды автомобильмен ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
2. Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттері (маршруттар) шығарылады:
№1 Кайнар а. (Қордай ауданы) – Кордай а.;
Карасай а. (Қордай ауданы) – Кордай а.;
Отар а. (Қордай ауданы) – Кордай а.;
3. Конкурста меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
4. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Қордай ауылы, Жібек Жолы көшесі, №242 үй мекен жайы бойынша ұсынуы тиіс.
5. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылғы 15 мамыр сағат 12.00-ге дейін.
6. 2023 жылғы 2 мамыр, сағат 16.00-де конкурстық комиссия, конкурс өткізу мәселелері жөнінде конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.
7. Анықтама алу үшін телефоны: 8 (72636) 2-10-52.

Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.