Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қордай Су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны абоненттеріне төмендегіні хабарлайды:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 12 маусымдағы №26-ОД бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап ауыз су беру тарифі көтеріледі.
| Тариф түрі | ҚҚС-сыз, 1 м³ | ҚҚС 16%-бен, 1 м³ |
| Орташа тариф | 149,77 тг | 173,73 тг |
| Тұрғындар (жеке тұлғалар) | 116,28 тг | 134,88 тг |
| Бюджеттік ұйымдар | 310,13 тг | 359,75 тг |
| Өзге ұйымдар | 324,67 тг | 376,62 тг |
Назар аударыңыз: жаңа тарифтер 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.