ХАЛЫҚ МҮДДЕСІНІҢ КЕПІЛІ

0

Кеше Қордай аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелері Қоғамдық кеңес төрағасы Н.Молдабековтың жетекшілігімен аудан аумағындағы дәріханаларда дәрі-дәрмек бағаларына қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.

Мониторингтің негізгі мақсаты – тұрғындарды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жағдайын зерделеу, дәрі-дәрмек бағаларының негізсіз қымбаттауына жол бермеу, кейбір дәрілік препараттарға белгіленген шекті бағалардың сақталуын бақылау және халықтың денсаулығын қорғау бағытындағы жұмыстардың орындалуын қадағалау болды.

Қоғамдық кеңес мүшелері бірқатар дәріханаларды аралап, әлеуметтік маңызы бар дәрілік заттардың қолжетімділігіне, бағаларының қолданыстағы талаптарға және белгіленген шекті мөлшерлерге сәйкестігіне, сондай-ақ қызмет көрсету сапасына назар аударды. Сонымен қатар дәріхана қызметкерлерімен кездесіп, дәрі-дәрмек қорының жеткіліктілігі мен баға қалыптастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Мониторинг нәтижесінде дәріханалардағы баға саясаты мен дәрі-дәрмек қорының жай-күйі зерделеніп, тұрғындар үшін маңызды мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар айтылды.

Қоғамдық бақылау жұмыстары халықтың сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет пен дәрі-дәрмекке қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды тетік болып табылады.

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Қордай ауданында балалардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау (мониторинг) жұмыстары жүргізілді.

Аталған шараға Қордай аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі Ж.Орақбай, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің аға инженері, азаматтық қорғау подполковнигі Н.Тілеубердиев, Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғи пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Д.Камердин, Қордай ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Мықышев және Бетқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Е.Омарбаев қатысты.

Мониторинг барысында Қордай ауданындағы «Алмаз» және «Гавайи-Қордай» жаппай демалыс орындарының жағажайлары тексерілді. Тексеру кезінде суға шомылу аймақтарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, ескерту және ақпараттық белгілердің орнатылуы, құтқару құралдарының болуы, демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары назарға алынды.

Мамандар мен қоғамдық бақылау тобы демалыс орындарының әкімшіліктеріне балалар мен жасөспірімдердің судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Жаз мезгілінде су айдындарында орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмау, тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға рұқсат беру жөнінде кеңестер берілді.

Мұндай мониторингтік іс-шаралар тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, сондай-ақ балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі мазмұнды өткізуіне ықпал етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.