ХАЛЫҚТЫҢ ТАҢДАУЫ МАҢЫЗДЫ

0

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, республикалық штаб мүшесі Мейрамбек Төлепберген алдағы Референдумның мақсаты мен маңызын түсіндіру бойынша Қордай ауданына арнайы келіп, алғашқы кездесуін аудандық орталық ауруханасында өткізді.

Ақ халатты абзал жандар жиналған аудандық аурухананың мәжіліс залында ағымдағы жылдың 5 маусымына жоспарланған ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы Референдумның маңызды тұстары сөз қозғалды.
Кездесу барысында Мейрамбек Мылтықбайұлы аурухана ұжымына Ата Заңның баптарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы толық ақпарат беріп, маусым айында өтетін Рефендумға бір кісідей атсалысуға шақырды. Жиын қатысушылары өз кезегінде өзгерістердің оңды екенін атап, қолдау көрсететіндерін білдірді.
Келесі кезекте елордалық қонақ Әлжан ана ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Онда депутат ауыл тұрғындарына ел Президенті конституциялық өзгерістерді республикалық Референдумға шығаруды ұсынғанын, ал оларды қабылдау тікелей жалпыхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылатынын жеткізді.
«Алдағы референдум жекелеген топтарды күшейтуді емес, мемлекеттік жүйені жетілдіруді, елімізді жаңғыртуды әрі нығайтуды көздейді. Ата заңымызға енетін түзетулер елдің болашағына айтарлықтай әсер ететіндігіне кәміл сенемін. Бүгінде өңірлерде штаб мүшелері ел арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуде. Осыған орай барлығыңызды алдағы Референдумға қатысуға шақырамын», — деді депутат.
Осы күні Мейрамбек Төлепберген «АMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалына қарасты «Сарыбұлақ» бастауыш партия ұйымында кездесу ұйымдастырып, партия мүшелерімен кездесті. Ол өз сөзінде Референдумға қатысу әрбір азаматтың парызы екенін және оның ел болашағын айқындауға бағытталған маңызды шара екендігін түсіндірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.