«КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫ

0

«Күміс жас» жобасы 50 жастан асқан жұмыссыздардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған жоба.

«Күміс жас» жобасы – жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған 50 жастан асқан жұмыссыз адамдардың жалақысын субсидиялай отырып, жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орны. Жұмыстың ұзақтығы 36 айдан аспайды, қатысушыға зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орны беріледі.

Жұмыстың бірінші жылы (1-ші айдан бастап 12-ші айға дейін) үшін жалақының белгіленген мөлшерінің 70%-ын құрайды, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Жұмыстың екінші жылы (13-ші айдан бастап 24-ші айға дейін) үшін жалақының белгіленген мөлшерінен 65%-ын құрайды, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайды

Жұмыстың үшінші жылы (25-ші айдан бастап 36-ші айға дейін) үшін жалақының белгіленген мөлшерінен 60%-ын құрайды, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

«Күміс жас» жобасы бойынша жұмыс іздеуші ретінде тіркелу үшін аудандық Мансап орталығына немесе Еnbek электрондық еңбек биржасына жүгіну қажет.

Байланыс нөмірі:872636-4-84-96

Leave A Reply

Your email address will not be published.