«КӨҢІЛДІ СТАРТ» ойындары өтті

0

«6 шілде — Астана күні» мерекесіне орай «Жайнай бер Астанам!» атты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Балауса» балалар сауықтыру лагерінде жасөспірімдер арасында «көңілді старт»  ойындары өткізілді.

 

Жарысқа 6 жасақтың балалары белсене қатысып, әр команда атсалыса ойнады, ойын өте қызықты, әрі көңілді өтті. Бірнеше командаға бөлінген қатысушылар түрлі сынақтардан сүрінбей өтіп, физикалық дене белсенділігінің деңгейін көрсетті. Спорт сайысының қорытындысына сәйкес, жеңімпаз командалар «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің тарапынан бағалы сыйлықтармен, диплом және алғыс хаттармен марапатталды.

Эстафеталық ойындардан тұратын жарыстың басты мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, достық қарым-қатынасты нығайту.

Leave A Reply

Your email address will not be published.